Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты • Ғалия Адамбай күйеуінің «төребекшілдік» ұстанымы туралы мәлімдеме жасады • Аида Қауменованың отбасында қайғылы жағдай болды • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты • Ғалия Адамбай күйеуінің «төребекшілдік» ұстанымы туралы мәлімдеме жасады • Аида Қауменованың отбасында қайғылы жағдай болды •

    «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры

    «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры

    Фото: Pixabay

    Мүгедектігі бар адам үшін ең үлкен қиындық кейде денсаулық жағдайының өзі емес, оны қоршаған орта болуы мүмкін. Биік баспалдақ, жұмыс істемейтін лифт, арба өте алмайтын тротуар, қоғамдық көлікке мінудегі қиындық – мұның бәрі адамның қоғамнан оқшаулануына себеп болады. Ал бір аяғы туғаннан кем біткен Дос Нұртас қоғамдағы өзекті мәселелермен бөлісті. Оның сөзінде қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қарау басым.

    Қазақстанда бұл мәселе жүздеген мың азаматқа қатысты деп саеайды ол. 2026 жылғы 1 қазандағы ресми дерек бойынша елімізде 762,4 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 637,8 мыңы – ересектер, 124,6 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл – бір ғана әлеуметтік топтың емес, бүкіл қоғамның мәселесі.

    Ересектер мүгедектік деңгейіне қарай I, II және III топқа бөлінеді. Ал балалар үшін жасына және мүгедектік санатына байланысты бөлек жіктеу қолданылады. Бұдан бөлек, адамдардың қажеттілігі де әртүрлі: біріне арбамен еркін қозғалу маңызды болса, енді біріне көру немесе есту қабілетіне бейімделген орта, ал басқа азаматтарға ақпарат пен қызметтердің қолжетімділігі қажет.

    «Менің бір аяғым екінші аяғымнан 7 см қисық, қысқа. Жүріп—түруым қиын, көп қиналдым осы жасыма дейін, бірнеше рет ота да жасаттым. Біздің қоғамда кемтар адамдарға аяушылықпен, мүсіркей қарау басым. Шындығында дененің кемтарлығынан ойдың кемтар болуы ауыр. Бірақ оны қоғам түсінбейді. Айтпаса да аяушылықпен қарайды», — дейді кейіпкер.

    Қазақстанда соңғы жылдары инклюзивті қоғам қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыс жүргізіліп келеді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдары мен қызметтерді алу мүмкіндігі кеңейтілді, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, инклюзивті білім беру және жұмысқа орналастыру мәселелеріне назар аударылуда. Мемлекеттік деңгейде кедергісіз орта қалыптастыру туралы талаптар да күшейіп келеді.

    «Алайда мәселенің шешімі қағаздағы жоспар мен пандустың санымен өлшенбеуі тиіс. Кейде ғимараттың алдында пандус бар болғанымен, оның көлбеуі тым тік, есігі тар немесе ішіндегі лифтке жету мүмкін емес. Яғни қолжетімділік тек «бар» немесе «жоқ» деген есеп үшін емес, адамның оны өз бетінше пайдалана алуына қарай бағалануы керек», — деді Дос Нұртасов.

    Бұл тұрғыда халықаралық тәжірибеге назар аударған жөн. Мәселен, Жапония қоғамдық көлікті, вокзалдар мен қалалық кеңістікті мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша бейімдеуге ерекше мән береді. Арнайы бағыттаушы жолақтар, дыбыстық хабарламалар және төмен еденді көлік – күнделікті өмірдің қалыпты бөлігі. Ал Еуропаның көптеген елінде «әмбебап дизайн» қағидаты кеңінен қолданылады: ғимарат пен қоғамдық кеңістік басынан бастап барлық адамға ыңғайлы етіп жобаланады.

    Қазақстанға да дәл осындай тәсіл қажет. Біз дайын ғимаратқа кейін пандус жалғаумен шектелмеуіміз керек. Жаңа мектеп, аурухана, тұрғын үй немесе метро салынғанда қолжетімділік сәулет жобасының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

    Сарапшылардың пікірінше, инклюзивті орта – әлеуметтік көмектің ғана емес, адам құқығы мен сапалы қалалық басқарудың көрсеткіші. Мүгедектігі бар азаматтың жұмысқа, білімге, мәдениетке және қоғамдық өмірге тең қатысуына мүмкіндік жасау – мемлекеттің өркениеттілігін танытатын өлшемнің бірі.

    2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда алғаш рет 43 мыңнан астам адамға мүгедектік белгіленді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғары. Сондықтан мәселені кейінге ысыруға болмайды.

    Кедергісіз орта – тек арбадағы адамға арналған жағдай емес. Ол – баласы бар ата-анаға, қарт адамға, уақытша жарақат алған азаматқа да қолайлы кеңістік. Ең бастысы, қоғам мүгедектігі бар адамды көмекке мұқтаж жан ретінде ғана емес, толыққанды азамат ретінде қабылдауы керек.

    Өйткені нағыз кедергі адамның мүмкіндігінде емес. Нағыз кедергі – сол адамға мүмкіндік бермейтін ортада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →