Ырысбала Икрамбай сын айтқандарға жауап берді: «Ақтығымды Алла білсе болды»
Блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап беріп, ақталмайтынын және қайырымдылықты міндетсінгендерге қарсы пікірін жеткізді.
Фото: видеодан скриншот
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзіне сын тағып, сөз ертіп жүргендерге қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Желі белсендісінің айтуынша, ол ешкімнің алдында ақталмайды, өйткені Жаратушының алдында ары таза.
«Мен туралы өтірік, өсек айтып атақ жинағысы келгендер — білген боқтарыңды жеңдер! Маған бәрібір. Ақтығыңды Алла білсе болды емес пе, ақталма деген позицияда қаламын! Мен туралы өсекті өзімнен естіңіздер», — деп жазды ол.
Сонымен қатар блогер өзіне қайырымдылықты міндетсіндің деп кінә артқандарға да шүйлікті.
«Сен міндет қылып қайырымдылықпен айналыспай-ақ қойшы деп едіңіздер, жақсы, мен қойдым. Кәне, қайсысың қолға алғандарың? Өз қолынан түк те келмейді, өз өмірінде түк те бітірмейді, бірақ біреуге ақыл айтып, біреуді түзеп, біреуге бөгет болу — наданның ісі…», — деп сөзін түйіндеді Ырысбала Икрамбай.
