Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді
Алматы облысы Боралдай кентінде жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кіріп кетті. Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, хаттама толтырылды.
Сурет: Видеодан скриншот
Алматы облысында жеңіл көлік дүкеннің қабырғасын бұзып, сауда залына кіріп кетті. Оқиғаға қатысты жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарланды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Боралдай кентінде болған жол-көлік оқиғасының видеосы Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Кадрлардан көліктің дүкен ішіне кіріп кеткенін, сауда сөрелері мен көліктің зақымданғанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, көлікті басқарған бойжеткен апатқа ұстама салдарынан ұшырағанын айтқан.
Оқиғаға байланысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
«Факті бойынша полиция қызметкерлері жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеру аясында анықталды», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.
