Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды • Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады • Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды • Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады • Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады •

    Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды

    Астанада WYP.KZ жобасына қатысқан 200-ден астам азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды. Жалпы шығын 216 миллион теңгеге жетті, деп хабарлайды прокуратура.

    Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды

    Сурет: apple.com

    Астанада iPhone смартфондарын нарықтағы бағадан арзан сатып алуға ниеттенген 200-ден астам азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды. WYP.KZ жобасына қатысты келтірілген жалпы шығын 216 миллион теңгеге жеткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл туралы Астанада өткен брифингте прокурордың көмекшісі Аслан Мәди мәлімдеді. Оның айтуынша, WYP.KZ жобасы танымал смартфондар мен басқа да электронды құрылғыларды нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен ұсыну арқылы сатып алушыларды қызықтырған.

    Алайда тергеу барысында компанияның тауарларды өндірушілерден немесе жеткізушілерден жеңілдетілген бағамен алмағаны белгілі болған. Ұйымдастырушылар техниканы кәдімгі нарықтық құнымен сатып алған.

    Прокуратура өкілінің түсіндіруінше, жобаның жұмыс істеу тәсілі қаржы пирамидасына тән белгілерге негізделген. Алғашқы сатып алушыларға берілген уәделер кейіннен келген клиенттердің ақшасы есебінен орындалған.

    «Яғни жаңа сатып алушылардан түскен ақшаны алғашқы клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындауға пайдаланған. Алайда тапсырыстар санының артуы мен айналым қаражатының жетіспеуі салдарынан кейінгі сатып алушылар алдында қарыз қалыптасты», – деді Аслан Мәди.

    Осылайша, жаңа клиенттер саны көбейген сайын ұйымдастырушылардың қаржылық міндеттемелері де ұлғайған. Ақырында түскен қаражат барлық тапсырысты орындауға жетпей, көптеген сатып алушы ақшасынан айырылған.

    Прокуратура мәліметінше, WYP.KZ ұйымдастырушылары сатып алушылар қатарын көбейту үшін арнайы ынталандыру жүйесін пайдаланған. Атап айтқанда, клиенттерге жеке промокод беріліп, сол код арқылы жаңа сатып алушы келген жағдайда сыйақы төлеу қарастырылған. Осы тәсіл арқылы жобаға жаңа адамдар тартылған.

    Мамандардың түсіндіруінше, қаржы пирамидаларына тән белгілердің бірі – бұрынғы қатысушылар алдындағы міндеттемелерді жаңадан келген адамдардың қаражаты арқылы орындау.

    Қазіргі уақытта WYP.KZ ісі бойынша 200-ден астам азамат жәбірленуші деп танылған. Оларға келтірілген жалпы материалдық шығын 216 миллион теңгені құрайды.

    Астана прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылдың басынан бері елорда аумағында алты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған. Олардың қатарында WYP.KZ, Sinsera Systems, Life is Good, Sirius Energy, World Business Consulting және Buyers Union жобалары бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →