Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді

    Францияның Лион қаласында Шамонда вирусын жұқтырған ер адам қайтыс болды. Бұл адамға вирус жұққаны ресми тіркелген алғашқы жағдай.

    Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді

    Сурет: turkystan.kz

    Францияның Лион қаласында Шамонда вирусын жұқтырған ер адам ауруханада қайтыс болды. Бұл — адамға вирус жұққаны ресми тіркелген алғашқы жағдай.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    60 жастан асқан науқас вирусты Францияның шығысында көктем-жаз айларында мал арасында таралған инфекцияны тасымалдаушы ұсақ шіркейдің шағуынан жұқтырған болуы мүмкін.

    Шамонда вирусы негізінен ірі қара малға жұғады. Ол жылқы, альпака, қой мен ешкіден де анықталған. Бұған дейін вирустың адамға жұғатыны тіркелмеген.

    2026 жылғы шілденің соңында вирус Германия, Швейцария және Франциядағы малдан анықталды. Кейін Австрия, Бельгия, Италия, Нидерланд, Испания және Джерси аралында да тіркелді. Франциядағы зерттеу жұқтырған сиырлардың сүт өнімділігі 75%-ға дейін төмендегенін көрсетті.

    Францияның Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге халық денсаулығына қауіп анықталмағанын мәлімдеді. Мамандар науқастың қалай жұқтырғанын және өлім себебін анықтау үшін зерттеуді жалғастырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →