Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды

    «Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды. Ол қорғаныс вице-министрі болып тағайындалған Татьяна Савельеваның орнына келеді.

    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды

    Фото: Әділет партиясы

    «Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына Гүлнар Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсынды. Бұл шешімді партияның саяси кеңесінің бюросы қабылдаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңа депутат қорғаныс вице-министрі қызметіне тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Татьяна Савельеваның орнына келеді.

    Гүлнар Тойлыбаеваның мемлекеттік органдар мен партия құрылымдарында ұзақ жылдан бері қызмет еткені атап өтілді. Ол бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі.

    Партияның тиісті қаулысы Орталық сайлау комиссиясына жолданған.

    Еске салсақ, бұған дейін депутат Татьяна Савельева Құрылтайдан кетіп, Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →