Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді •

    Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды

    Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды
    ЖИ: Dalanews.kz

    Ресей президенті Владимир Путин келесі айда АҚШ президенті Дональд Трамппен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, Украинадағы соғысты талқылауды ұсынған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    The Wall Street Journal басылымы мәліметінше, Путин Владимир Зеленскийді кездесуге шақырмауды өтінген. Басылым дерегінше, бұл бастама Мәскеу тарапынан шыққан. Кремль үшжақты кездесуді Киев қатысатын келіссөздерге балама ретінде қарастырып отыр.

    Вашингтон мен Бейжің бұл ұсынысқа әзірге ресми жауап берген жоқ. Ал Зеленскийдің айналасындағылар бұл идеяны Украинаны айналып өтіп, мәселені оның қатысуынсыз шешуге тырысу деп бағалаған.

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков The Wall Street Journal басылымына берген түсініктемесінде үш тарап та мұндай саммит өткізу мүмкіндігін мойындайтынын растаған. Алайда кездесудің өзі мен күн тәртібіне қатысты әзірге нақты келісім жоқ.

    Бұл идея Путин мен Трамптың 9 қазандағы телефон арқылы сөйлесуі кезінде айтылған. Кездесуді 18-19 қарашада Шэньчжэньде өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) форумы аясында өткізу нұсқасы да қарастырылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →