Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты •

    Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

    Астанадағы айналма тасжолында Tesla мен жүк көлігі соқтығысып, жүк көлігі көпірден құлады. 71 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

    Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

    Сурет: Бейнеден кадр

    Астанадағы айналма тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан жүк көлігі көпірдің қоршауын бұзып, төмен қарай құлаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, көпірге жақындаған тұста Tesla автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Соқтығысу салдарынан жүк көлігі екпінін тоқтата алмай, көпір қоршауын қиратып, төмен қарай құлаған.

    Жол апаты салдарынан жүк көлігінің 71 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →