Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға •

    Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі

    Шымкент станциясындағы көлік полицейлері Ташкент–Алматы пойызының терезесін зақымдаған Бадам станциясының 8, 9 және 10 жастағы бес тұрғынын анықтады. Ата-аналары айыппұл төледі.

    Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі

    Сурет: ҚТЖ

    Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Ташкент–Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының терезесін зақымдаған бес кәмелетке толмаған баланы анықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға Бадам–Игілік теміржол аралығында тіркелген. Белгісіз адамдар пойыз вагонының сыртқы әйнегін бүлдірген.

    Жедел іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Бадам станциясының 8, 9 және 10 жастағы бес тұрғынын анықтады.

    Бұл туралы Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасы бастығының орынбасары Ескендір Баймұрзаев мәлімдеді.

    Оның айтуынша, балалар оқиғаға қатысы бар екенін мойындаған. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әр ата-анаға айыппұл салынды.

    «Пойыздардың терезелерін зақымдау – жай ғана бұзақылық емес, жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігіне төнетін нақты қауіп. Лақтырылған бір ғана зат адамның жарақат алуына әкелуі мүмкін», – деді Ескендір Баймұрзаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →