Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Адам шығыны бар: Қостанайда үш көлік соқтығысты

    Адам шығыны бар: Қостанайда үш көлік соқтығысты
    Фото: alau.kz

    «Қостанай – Алматы – Екатеринбург» автожолының Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылының маңында үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Апат салдарынан «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, «DAF» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

    «Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдықты төмендетуге, барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – делінген ПД хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →