«Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО)
Фото: Әлеуметтік желіден
Танымал әнші Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен басталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Димаш Құдайберген марафонға байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысып, белгілі суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық кітабын ұсынған.
Әнші Қарағандыда Кәріпбек Күйіковпен кездескенін айтып, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болғанын жеткізді.
«Марафон кітап оқуға, тағылым алуға және ой бөлісуге жол ашсын!» – деді Димаш Құдайберген.
