Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды

    Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды

    Фото: Pixabay

    Қонаев қаласында бала көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісін растады. 20 қыркүйек сағат 18:40 шамасында 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →