Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бәрін күтуге болады»: Айсәуле Бақытбек анасының тағы бала тууы мүмкін екенін айтты Таудағы тосын кездесу: Алматыда туристер қар барысын кезіктірді «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады «Бәрін күтуге болады»: Айсәуле Бақытбек анасының тағы бала тууы мүмкін екенін айтты Таудағы тосын кездесу: Алматыда туристер қар барысын кезіктірді «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады

    Таудағы тосын кездесу: Алматыда туристер қар барысын кезіктірді

    Таудағы тосын кездесу: Алматыда туристер қар барысын кезіктірді

    Фото: видеодан скрин

    Алматы тауларында серуендеп жүрген туристер қар барысын кездестірді. Сирек кездесетін жыртқыш адамдар жүрген соқпаққа шығып, саяхатшылар оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Куәгерлердің айтуынша, тауға көтеріліп бара жатқанда олардың соңынан ит ерген. Жануар бұған дейін тиіндерді көрген кезде үргендіктен, туристер бастапқыда оның әрекетіне аса мән бермеген.

    Біраз уақыттан кейін соқпаққа кенеттен қар барысы шыққан. Туристер жыртқышқа жақындамай, иттің онымен байланысқа түсуіне жол бермеуге тырысқан. Алайда ит адамдарды тыңдамай, қар барысына қарай үрген.

    Кейін соқпақтың екінші жағынан тағы бірнеше адам келген. Қар барысы адамдарға шабуыл жасамай, тау беткейімен жоғары қарай кетіп қалған. Ит жыртқыштың соңынан біраз уақыт еріп, кейін туристер оны алып кеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →