Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады Азиада-2026: Қазақстан құрамасы алғашқы күнде алты медаль жеңіп алды «Долина әсері»: тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтықтан қалай қорғануға болады «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады Азиада-2026: Қазақстан құрамасы алғашқы күнде алты медаль жеңіп алды «Долина әсері»: тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтықтан қалай қорғануға болады

    Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр

    Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр

    Фото: видеодан скрин

    Батыс Қазақстан облысының Зачаган кентіндегі Б. Жаңқадамов көшесінің тұрғындары жолдың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғынның айтуынша, №37 үй маңындағы асфальт 2024 жылы төселгенімен, көп ұзамай бүлініп, биыл сәуір айында қайта жөнделген. Алайда арада бес ай өтпей жол қайта жарылып, асфальттың кей бөлігі үгітіліп кеткен.

    Бұл көшемен №9 автобус жүретіндіктен, тұрғындар жолдың жағдайы көлік қозғалысына да қиындық туғызатынын айтып отыр. Шағым иесі мәселені маусым айында округ депутатына жеткізгенін, алайда содан бері жағдай өзгермегенін жазған. Енді тұрғындар жолды салған мердігер компанияның кім екенін және сапасыз жөндеу жұмысына кім жауап беретінін сұрап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →