Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

    Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – оның 66 жастағы ұлы, ол ұсталды.

    Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

    Фото: freepik

    Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға Благовещенка ауылында болған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен 66 жастағы ұлының арасында жанжал туындаған. Ашуға берілген ер адам қарт анасының басынан балтамен ұрған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

    Марқұмның денесі үйдің ауласынан табылған. Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған. Қазір ол ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

    «Благовещенка ауылындағы жеке үйдің ауласынан 89 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы ұлы ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – деді СҚО полиция департаментінің аға инспекторы Юрий Клыков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →