Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты Фицо: Словакия Ресеймен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейді Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды Алматыдағы тоғыз қабатты үйде өрт: 26 адам құтқарылып, 40 адам эвакуацияланды Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты Фицо: Словакия Ресеймен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейді Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды Алматыдағы тоғыз қабатты үйде өрт: 26 адам құтқарылып, 40 адам эвакуацияланды

    Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды

    Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, 7 шаршы метр аумақты қамтыды. Құтқарушылар 6 адамды, оның ішінде 2 баланы аман алып шықты, 31 адам эвакуацияланды.

    Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды

    Фото: ТЖМ

    Петропавл қаласы Шухов көшесіндегі бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінен өрт шықты. Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, пәтердегі жеке заттар мен жиһаздар жанып, өрт аумағы 7 шаршы метрді құраған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып алды. Сонымен қатар қауіпті аймақтан 31 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

    Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →