Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты

    Екібастұзда 19 қыркүйекте Әуезов көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты

    Сурет: istockphoto

    Екібастұзда жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала мерт болды. Бұл туралы полиция растады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қайғылы оқиға жөніндегі ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі ekibastuz_live парақшасында жарияланды. Жазба авторлары оқиға куәгерлерінен көмек сұрады. Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте Әуезов көшесінде болған.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

    «Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол жүрісі қағидаларын, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтау маңызды екенін еске салады», — деді тәртіп сақшылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →