Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада төртінші жеңіске жетті

    Самарқанда өткен 46-шы шахмат Олимпиадасының төртінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 3:1 есебімен жеңді. Елназ Қалиахмет төртінші жеңісін бағындырды.

    Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада төртінші жеңіске жетті

    Фото: : Instagram.com/@drs_kz

    Самарқанда (Өзбекстан) 46-шы шахмат Олимпиадасының төртінші турының партиялары өтті. Қазақстандық шахматшы әйелдер старттық рейтингте 16-орында тұрған Армения құрамасымен кездесті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, басты оқиға Бибісара Ассаубаеваның алғашқы жеңісі болды (алғашқы екі партияда ол тең ойнаған). 16 жастағы Елназ Қалиахмет жеңіс сериясын төрт партияға жалғастырды, ал Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман өз партияларын тең аяқтады.

    Қазақстандық шахматшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

    Ертең бесінші турдың партиялары өтеді. 11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйекте аяқталады.

    Бұған дейін қазақстандықтар Өзбекстандағы шахмат Олимпиадасында жеңіске жеткен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →