Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    «Асфальт қолмен үгітіліп жатыр»: Степногорск тұрғындары мердігердің жұмысына наразы

    «Асфальт қолмен үгітіліп жатыр»: Степногорск тұрғындары мердігердің жұмысына наразы

    Степногорск тұрғындары жаңадан төселген жаяу жүргіншілер жолының сапасына күмән келтіріп, мердігердің жұмысын өздері тексеруге шықты, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Видеода тұрғындар асфальт төсеу кезінде технологиялық талаптардың сақталған-сақталмағанын сұрап, жұмыс сапасына қатысты бірқатар кемшілікті көрсетеді. Бұл жұмыстар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізілгені айтылады.

    Қала әкімдігі де нысанды аралау кезінде ескертулер анықталғанын растаған. Жауаптылар мердігер жіберген кемшіліктер түзетілетінін мәлімдеген. Енді тұрғындар айтылған ескертулердің нақты қашан және қалай жойылатынын күтеді.

    Видео: @stepnogram

    Фото: matritca.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →