«Осы жылдар ішінде біз көптеген мәселелерді бірге шешіп, түрлі бастамаларды жүзеге асырдық. Сын бізді шыңдай түсті. Жезқазған мен үшін жай ғана жұмыс істеген қала емес. Бұл – тағдырым, еңбегім мен естеліктеріммен байланысты туған жерім. Қызметім аяқталғанымен, Жезқазғанға деген жанашырлығым ешқашан таусылмайды», – деп жазды ол.
49 жастағы Қайрат Шайжанов құрылысшы және заңгер мамандықтары бойынша білім алған. Мемлекеттік қызметке дейін құрылыс компанияларында басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кентінің әкімі, Сәтбаев әкімінің орынбасары және Жезқазған әкімінің кеңесшісі болған.
Ол Жезқазған қаласының әкімі болып 2022 жылдың маусымында тағайындалды. Сол жылы Ұлытау облысы құрылған еді.
Фото: gov.kz
