Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ақтөбе тұрғыны өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жүргізушілерден ақша алған (ВИДЕО)

    Ақтөбе тұрғыны өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жүргізушілерден ақша алған (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Ақтөбеде ересек адам жолда кетіп бара жатқан жүргізушілерді алдаудың ерекше тәсілін ойлап тапқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде аяғын көлік басып кеткендей симуляция жасап, алаяқтыққа барған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Жиенбаев және Ташкент көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ер адам көлік өзін қағып кеткендей кейіп танытқан. Кейін жүргізушілерге жарақат алғанын айтып, ақша талап еткен.

    «Тексеру барысында оның мұндай әрекетке екі рет барғаны анықталды. Оның сөзіне сенген жүргізушілер мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бір жағдайда – 250 мың теңге, екінші жағдайда – 200 мың теңге. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 мың теңгені құрады», – делінген хабарламада.

    Жүргізушілердің бірі кейін болған жағдайды қайта ой елегінен өткізіп, полицияға жүгінген. Тексеру барысында ақпарат расталып, ер адамның жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылды.

    «Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерге ескертеді: жол-көлік оқиғасы болды деген күдік туып, жаяу жүргінші алған жарақаты үшін ақша талап етсе, мәселені өз бетіңізше шешуге тырыспаңыз. Полиция шақырып, болған жағдайдың мән-жайын ресми түрде тіркету қажет», – делінген ПД мәліметінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →