Теңіз жағасындағы жаға ұстатар жайт: туристер баратын Ақтаудың жағалауы бүлініп жатыр
Ақтау тұрғыны туристер жиі баратын жағалаудың қазіргі жағдайын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Кадрлардан бір кездері көрік беру үшін орнатылған қолшатырлар мен түрлі-түсті әшекейлердің жыртылып, тозып, кейбірінің салбырап тұрғанын көруге болады.
Видео авторы өңірге турист тарту туралы жиі айтылғанымен, демалыс орындарының күтіміне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанын сынға алды. Айта кетейік, Ақтау әкімдігі 10 қыркүйекте қалада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, соның ішінде жағалаудағы нысандар да қалпына келтіріліп жатқанын хабарлаған.
Қалада жағалауды қайта жаңғырту жобасы да қолға алынған, алайда тұрғын жариялаған кадрлар туристік аймақтардың күнделікті күтімі мәселесін қайта көтерді.
Видео: @911.aktau
Фото: baq.kz
