Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да 14 мыңға жуық құс арам өлді Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикерімен кездесті Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді 103 млн теңге алған: Түркістан облысында қылмыстық топ малды асылдандыру сылтауымен субсидия ұрлаған Санжар Боқаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Теңіз жағасындағы жаға ұстатар жайт: туристер баратын Ақтаудың жағалауы бүлініп жатыр СҚО-да 14 мыңға жуық құс арам өлді Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикерімен кездесті Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді 103 млн теңге алған: Түркістан облысында қылмыстық топ малды асылдандыру сылтауымен субсидия ұрлаған Санжар Боқаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Теңіз жағасындағы жаға ұстатар жайт: туристер баратын Ақтаудың жағалауы бүлініп жатыр

    Санжар Боқаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

    Санжар Боқаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
    Фото: ашық дереккөз

    Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Боқаевтың адвокаты Радмир Өтепов қорғауындағы азаматқа қатысты сот процесінің қашан басталатынын хабарлады.

    Адвокаттың айтуынша, белсендінің ісі бойынша алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте сағат 09:30-да өтеді. Сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қаралады. Әзірге тараптар алдағы сот процесіне қатысты қосымша мәлімет жариялаған жоқ. Іс бойынша сот талқылауының нәтижесі кейін белгілі болады.

    Айта кетейік, Санжар Боқаев 18 наурыз күні ұсталған болатын. Осылайша ол тергеу изоляторында жарты жылдай қамауда отыр. Бұған дейін Бас прокуратура Боқаевтың әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға ақша ұсынып, ағаштарды заңсыз кесуге және ұрлық жасауға тапсырма берген деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

    Сонымен қатар оған аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен иемдену, жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялау баптары бойынша айып тағылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →