Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған
Фото: Pixabay
Орал қаласының Солтүстік-Шығыс-2 шағын ауданындағы монша кешенінің бу бөлмесінде өрт шықты. Өрт ғимараттың жертөле қабатында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан тоғыз адам өз бетімен сыртқа шыққан.
Құтқарушылар өртті аз ғана аумақта жедел сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Түркістанда өртенген көпқабатты үйден ондаған адамның эвакуацияланғаны хабарланған еді.
