Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Сасық иістен демалу мүмкін емес»: Жезқазғанда тұрғындар бір жеті бойы ашық жатқан шұңқырға шағымданды

    «Сасық иістен демалу мүмкін емес»: Жезқазғанда тұрғындар бір жеті бойы ашық жатқан шұңқырға шағымданды

    Фото: видеодан скрин

    Жезқазғандағы Ғарышкерлер бульвары, №38 үйдің тұрғындары бір жеті бойы жабылмай жатқан шұңқырға алаңдап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Тұрғындардың айтуынша, шұңқырға жағымсыз иісі бар су жиналып, маңайда демалу қиындаған. Олардың сөзінше, лас су үйдің жертөлесіне ағып кетуі мүмкін. Ашық жатқан шұңқыр аулада жүрген балаларға да қауіп төндіріп отыр. «Балалар қазылған жерге құлап кете ме деп қорқамыз», – дейді тұрғындардың бірі. Мәселенің қашан шешілетіні әзірге белгісіз.

    Видео: @etozhez

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →