Алматының бірнеше ауданы төрт күн бойы жарықсыз қалады
Фото: pixabay
Алматыда 15-18 қыркүйек аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу және ақауларды жою жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаладағы бірқатар елді мекен мен тұрғын үйде электр энергиясы уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
«Алатау Жарық Компаниясы» жариялаған кестеге сәйкес, жарық сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, кей жерлерде 09:00-ден 17:00-ге дейін өшіріледі.
15 қыркүйек:
Көкқайнар шағынауданы – Мәмбетов, Татулық, Заречная көшелері;
Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?
Оқи отырыңыз
Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?
Байбесік шағынауданы – Бәйдібек би көшесі;
Құрманғазы – Абылай хан – Шевченко – Желтоқсан көшелерінің аралығы;
Абай – Желтоқсан – Құрманғазы – Чайковский көшелерінің аралығы;
Жамбыл – Мауленов – Қабанбай батыр – Сейфуллин көшелерінің аралығы;
Әйтеке би – Мирзоян – Гоголь – Исаев көшелерінің аралығы;
Алғабас шағын ауданы – Бесінші белес, Төле би, Тлендиев көшелері;
Ақжар шағын ауданы – Орықты, Аққия, Нарым көшелері;
Розыбакиев – Лисянский – Қожабеков – Радостовец көшелерінің аралығы;
Орталық – Жүзімдік – Трудовая – Алатау – Заводская көшелері;
Науаи көшесіндегі бірқатар үй.
16 қыркүйек:
Айгерім-1, Шаңырақ-1, Ақжар, Алғабас, Таусамалы, Томирис шағын аудандары, сондай-ақ Төле би, Шевченко, Жамбыл, Байзақов, Васнецов, Тілендиев, Қазыбек би, Нұрмақов, Мынбаев және басқа да көшелердегі үйлерде жарық уақытша өшеді.
Сонымен қатар Маркс, Орталық, Көксу, Мұхамедханов, Жапек батыр көшелері мен бірнеше бау-бақша серіктестігі жарықсыз қалады.
17 қыркүйек:
Көкқайнар, Шаңырақ-1, Таусамалы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қарағайлы, Томирис және Нұр Алатау шағынаудандары, сондай-ақ Мынбаев, Абай, Құлымбетов, Тұрғұт Озал, Сәтбаев, Төле би және басқа да көшелер қамтылады.
18 қыркүйек:
Айгерім-1, Ақжар, Қарағайлы, Құрамыс, Черемушки-2 шағын аудандары, сондай-ақ Абай, Мынбаев, Әуезов, Шакәрім, Панфилов, Құрманғазы, Сүйінбай, Науаи және Керей-Жәнібек хандар көшелеріндегі бірқатар үйлерде электр энергиясы уақытша болмайды.
Жарықтың нақты қай үйлерде өшетіні және ажырату уақыты «Алатау Жарық Компаниясының» кестесінде көрсетілген.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
