Алматы облысында тауда қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды
Алматы облысының Қарасай ауданында «Терра» алаңы маңында 2600 метр биіктікте тауда қалып қойған екі жасөспірімді құтқарушылар қауіпсіз жерге түсіріп, туыстарына тапсырды.
Сурет: Видеодан скриншот
Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар тауда қалып қойған екі жасөспірімге көмекке келді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиға түнде «Терра» алаңы маңында, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте болған.
Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары таудан өздігінен түсе алмаған жасөспірімдерге көмекке келген.
Құтқарушылар олармен байланыста болып, орналасқан жерін анықтады. Кейін жасөспірімдерді қауіпсіз жерге түсіріп, туыстарына тапсырды. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.
