Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды •

    Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды

    Астана полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің әдеп нормаларын бұзғанын растап, екі қызметкер жұмыстан шығарылды.

    Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды

    Сурет: Видеодан скриншот

    Астана қаласы Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзуына қатысты түсініктеме берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормаларын және полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

    «Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», – делінген ведомство хабарламасында.

    Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →