Қарағандыда құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы аман алып шықты
Қарағанды қаласында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кетті. Құтқарушылар оны алып шығып, анасына тапсырды.
Сурет: Видеодан скриншот
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде төтенше жағдай орын алды. Тұрғын үй маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.
Әрі қарай тексеру үшін бала жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
