Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты Түркістан әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында ақаулыққа ұшырады Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты Түркістан әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында ақаулыққа ұшырады Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады

    Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы

    Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: майор Гайрат Утепов пен сержант Рүстем Сейітхановтың отбасылық өмірі мен қызметі туралы.

    Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы

    Фото: ұлттық ұлан

    Әскери қызметшінің күні таңғы саптан басталғанымен, отбасы алдындағы жауапкершілігі кешке үйге оралғанда да жалғаса береді. Алайда мұнда бұйрықтың орнын шаңыраққа шаттық сыйлайтын әзіл-қалжың мен ақыл-кеңес басады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    5573 әскери бөлімінде батальон командирінің орынбасары қызметін атқаратын майор Гайрат Утепов үшін Ұлттық ұландағы 15 жылдық еңбек тәртіп пен жауапкершіліктің нағыз мектебіне айналған. Оның күнделікті жұмысы қоғамдық тәртіпті сақтауға, маңызды іс-шаралар мен халық көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

    Қызметтен тыс уақытта ол отбасымен көбірек уақыт өткізуге ұмтылады. Жұбайы Дилафрузбен бірге екі бала тәрбиелеп отырған Гайрат үшін балаларының біліміне көңіл бөлу, олардың дамуына жағдай жасау – Отан алдындағы борыштан кем түспейтін жауапкершілік.

    Ал 6636 әскери бөлімінің қарауыл бастығы, 3-сынып сержанты Рүстем Сейітхановтың отбасында «әскери династия» ұғымының өзіндік тарихы бар. Оның әкесі бір кездері Кеңес әскері қатарында ел қорғаған. Бүгінде Рүстемнің өзі Ұлттық ұлан сапында 22 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ал жұбайы, запастағы сержант Гүлжанат Сейітханова құқықтық тәртіп әскерінде 20 жыл іс жүргізу маманы болып еңбек етіп, зейнетке шыққан.

    Яғни, бұл отбасында әскери қызмет жай ғана мамандық емес, отбасының ортақ өмір салтына айналған.

    Төрт бала тәрбиелеп отырған Рүстем мен Гүлжанат үшін үйдегі ең қымбат сәт – отбасы мүшелерінің түгел жиналатын уақыты. Ән айтып, әңгімелесіп, балаларға көңіл бөлу – олардың отбасылық дәстүрі.

    Жақында бұл шаңырақта тағы бір ерекше күн тумақ. Олардың ұлы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанады. Осылайша, Сейітхановтар отбасы үшін әскери қызмет – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан нағыз әскери династия.

    Бір қарағанда, Гайрат Утепов пен Рүстем Сейітхановтың қызметі – ел тыныштығын күзету. Бірақ олардың әрқайсысының артында сол тыныштықтың қадірін білетін өз шағын Отаны бар.

    Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерінің қатарында 500-ге жуық жұп елге бірге қызмет етеді. Олар Отан алдындағы борышына және әскери антқа адалдықпен қызмет атқарып келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →