Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді •

    Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде

    Петропавл маңында 6 гектар аумақты шарпыған ірі өртке 110 адам мен 31 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар жалынды ауыздықтап, тұрғын үйлерге таралуына жол бермеуде.

    Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде

    Фото: ТЖМ

    Петропавл қаласының маңында ауқымды өрт тіркелді. Қаланың айналма жолы мен тұрмыстық қалдықтар полигоны орналасқан аумақта құрғақ шөп тұтанған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өрт бірнеше сағатқа созылып, аймақты қою қара түтін басқан. Ащы түтін қала орталығына жеткендіктен, тұрғындар көрудің қиындағанын және ауада күйік иісі қатты сезілетінін айтып отыр.

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала есеп бойынша өрт шамамен 6 гектар аумақты шарпыған.

    Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер учаскелердің біріндегі жалынды толық ауыздықтады. Қалған екі учаскеде сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Тілсіз жаумен күреске 110 адам мен 31 техника жұмылдырылған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, төрт өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар теміржол кәсіпорнының өрт сөндіру пойызы тартылған.

    Құтқарушылардың жұмысын қатты жел қиындатып отыр. Мамандардың басты мақсаты – жалынның жақын маңдағы жеке үйлер мен саяжайларға таралуына жол бермеу.

    Қазір өртті толықтай сөндіріп, жағдайды тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →