Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысынан әскерге аттанған сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған Қарағандыны түтін басты: Майқұдық тұрғындары демалу мүмкін емес деп шағымданды Қарағандыны түтін тұмшалады: Майқұдық тұрғындары «демалу мүмкін емес» деп дабыл қақты Астана 2028 жылы Әлемдік мұнай кеңесінің конгресін өткізеді Туған күйеу баласын атып тастаған полицей 10 жылға сотталды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына шығып, әлем рейтингінің көшін бастайды Түркістан облысынан әскерге аттанған сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған Қарағандыны түтін басты: Майқұдық тұрғындары демалу мүмкін емес деп шағымданды Қарағандыны түтін тұмшалады: Майқұдық тұрғындары «демалу мүмкін емес» деп дабыл қақты Астана 2028 жылы Әлемдік мұнай кеңесінің конгресін өткізеді Туған күйеу баласын атып тастаған полицей 10 жылға сотталды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына шығып, әлем рейтингінің көшін бастайды

    Түркістан облысынан әскерге аттанған сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған

    Түркістан облысынан әскерге аттанған сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған

    Фото: istockphoto.com

    Түркістан облысынан әскерге аттанған 19 жастағы сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған. Қорғаныс министрлігі анасының өтінішіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ауыр жағдайға ұшыраған күйде үйіне оралған және жүріп-тұра алмай қалған 19 жастағы сарбаздың жағдайы туралы ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде тарады. Туыстары жас жігітті әскери қызмет кезінде дер кезінде емделуге жібермеді деп әскери қызметшілерді айыптап отыр.

    Қорғаныс министрлігі сарбаздың анасының әлеуметтік желіде тараған өтінішіне қатысты жауап берді.

    «2025 жылғы қарашада мерзімді әскери қызметке шақырылар алдында медициналық куәландырудан өту кезінде Амит Б.Н. денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Әкімдік құрған медициналық комиссияның қорытындысы бойынша ол әскери қызметке жарамды деп танылған. Қызмет өткеру кезінде денсаулығына қатысты шағымдар пайда болғаннан кейін ол дер кезінде тексеруге жіберіліп, ауруханаға жатқызылды және қажетті ем қабылдады. Жан-жақты тексеру барысында буындардың туа біткен патологиясымен қатар, оның зәр шығару жүйесіне қатысты қосымша аурулары анықталды», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

    Ведомство өкілдері анықталған ауруларға байланысты сарбаз әскери-дәрігерлік комиссияға ұсынылғанын, әскери қызметке жарамсыз деп танылғанын және кейін белгіленген тәртіппен денсаулығына байланысты әскери қызметтен босатылғанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →