Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Куала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды Қазақстанда автожолдар бойында 62 электрқуаттау станциясы жұмыс істейді «Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен жігіт туралы жазба жариялады Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті Қостанай облысында теміржолдан 3 шақырымнан астам кабель ұрланған Куала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды Қазақстанда автожолдар бойында 62 электрқуаттау станциясы жұмыс істейді «Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен жігіт туралы жазба жариялады Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті Қостанай облысында теміржолдан 3 шақырымнан астам кабель ұрланған

    «Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен жігіт туралы жазба жариялады

    «Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен жігіт туралы жазба жариялады

    Фото: Инстаграм

    Жол апатына себепкер болған бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек Нұржігіттің қазіргі жағдайы туралы жазба жариялады,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Заңгер жазбасында өзі көлікпен қаққан жігіттің денсаулығындағы оң өзгеріс туралы хабарлаған.

    «Нұржігіттің жағдайы туралы шұғыл жаңалық! 24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр.

    Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусаев Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда», – деп жазды ол.

    Сонымен қатар Бақытжан Базарбек БАҚ өкілдерінен жалған ақпарат таратпауды сұрады. Ол Нұржігіттің жағдайына алаңдап, дұға еткен барша жанға алғысын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →