Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты •

    Қостанай облысында теміржолдан 3 шақырымнан астам кабель ұрланған

    Қостанай облысында теміржолдан 3 шақырымнан астам кабель ұрланған

    Фото: istockphoto.com

    Қостанай облысында полицейлер шамамен 7 млн теңгенің теміржол кабелін ұрлау дерегін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Әйтеке би және Тобыл станциялары арасындағы учаскеден белгісіз адамдар үш шақырымнан астам кабель ұрлаған.

    Ұрлық 6-21 шілде аралығында Қамысты ауданы Талдыкөл ауылының маңында жасалған. Жалпы ұзындығы 3350 метр болатын төрт кабель ұрланған.

    «Полицейлер екі күдіктіні – Рудный қаласының тұрғындарын анықтады. Ер адамдар ұрлық жасағандарын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр», – деп хабарлады Полиция департаменті.

    Ведомство мұндай ұрлық тек материалдық шығын келтіріп қана қоймайтынын атап өтті. Теміржол инфрақұрылымының зақымдануы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →