Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады •

    Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

    Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

    Фото: Reuters

    Пуэрто-Рикодан Майамиге ұшып келген жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, көліктерге соғылды. Апат салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды.

    ВВС жазғандай, Boeing 767-300 ұшағы қону кезінде жолақтан шығып, әуежай маңындағы логистикалық кешеннің алдында тұрған бірнеше көлікке соғылған. Артынша ұшақ өртенген.

    Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин Кава 5 адамның қаза тапқанын растады. Майами өрт сөндіру қызметінің басшысы Райед Джадаллахтың айтуынша, тағы 5 адам жарақат алған, олардың үшеуінің жағдайы ауыр.

    Ұшақ 21 Air компаниясына тиесілі болған. Ол Пуэрто-Рикодағы Луис Муньос Марин атындағы халықаралық әуежайдан Майамиге 7598 рейсімен ұшып келген. Апаттан кейін әуежай уақытша жабылып, бірқатар рейс кешіктірілген және тоқтатылған.

    Апаттың себептерін АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) тексеріп жатыр. Ведомство оқиға орнына мамандарын жіберді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →