Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады

    Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды

    Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды

    Фото: Әлеуметтік желі

    Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 12-ракеткасы Белинда Бенчичті жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    WTA рейтингінде 84-орында тұрған Путинцева швейцариялық қарсыласын үш сетке созылған тартысты кездесуде 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 51 минутқа созылды.

    Қазақстандық спортшы алғашқы сетте есе жіберіп, екінші партияда да қиын жағдайға тап болды. Соған қарамастан ол кездесу барысын өзгертіп, шешуші сетте басымдықты уысынан шығармады. Бұл – Путинцеваның бір жылдан астам уақыт ішіндегі рейтингі ең жоғары қарсыласқа қарсы жеткен ірі жеңісі.

    Екінші айналымға шыққаны үшін Юлия Путинцева 190 мың доллар сыйақы мен 70 рейтингтік ұпайға кепілдік алды. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 121-орында тұрған Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

    Айта кетейік, Путинцеваның US Open турниріндегі ең үздік нәтижесі – 2020 жылы ширек финалға дейін жетуі.

    Биыл әйелдер арасындағы жекелей сында үлестірілетін жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 5,5 миллион доллар алып, рейтингіне 2000 ұпай қосады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →