Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Нұрасыл Медеу Қазақ ұлттық спорт университетін мемлекетке сыйға тартты • Сайтқа Kaspi төлемін қалай қосады • Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Нұрасыл Медеу Қазақ ұлттық спорт университетін мемлекетке сыйға тартты • Сайтқа Kaspi төлемін қалай қосады • Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы •

    «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды

    Бішкектегі 51 мың орындық стадион мен Астанадағы 3 600 орындық стадион салыстырылды. Журналист Аслан Қажен құрылысқа жұмсалған қаражаттың тиімсіздігін сынға алды.

    «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды
    Фото: https://www.instagram.com/kazhenov.aslan

    Орталық Азиядағы ең үлкен стадион Бішкекте ашылды. Спорт журналисі Аслан Қажен бұл нысанды арнайы аралап қайтты. Оның пікірінше, стадионның сәулеті де, сапасы да жоғары деңгейде. Құрылысқа 60 млн доллар жұмсалған, ал сыйымдылығы 51 мың адамды құрайды. Нысан үш жылда бой көтерген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Осы уақыт аралығында Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы жүрді. Ол да жақында пайдалануға берілді. Алайда бұл нысанның бюджеті 37 млн доллар болса, сыйымдылығы небәрі 3 600 орынға есептелген.

    Спорт журналисі бұл екі нысанды салыстырып, елеулі айырмашылықты атап өтті. Қырғыздар 60 млн долларға 51 мыңдық стадион тұрғызса, қазақтар 37 млн долларға әлдеқайда аз орындық стадион салған. Аслан Қаженнің айтуынша, бұл — ешқандай логикаға сыймайтын шешім. Ол ақша мен алаңның қайда кеткеніне жауап беруді талап етеді. Журналист бұл жағдайды «масқара» деп бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →