Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты. Ол сербиялық Кристиан Юхасты жеңіп, титулдық матчта Бранко Дьюричпен кездеседі.
Сурет: inbusiness.kz
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко 29 тамызда сенбі күні Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан M15 сериясындағы турнирдің жеке сында финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қазіргі уақытта Попко кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) рейтингінде 658-орында тұр. World Tennis (бұрынғы Халықаралық теннис федерациясы, ITF, биыл жазда ребрендингтен өткен) эгидасымен өтетін турнирде ол екінші нөмірлі жіктемеге ие. Бұл аптада қазақстандық теннисші турнирдің екінші ракеткасы мәртебесін толық ақтады: алғашқы айналымда француз Эдуард Виллосладаны (әлемдік рейтингте 1374-орын) 6:3, 6:4 есебімен ұтса, екінші айналымда беларусь Александр Згировскийді (әлемдік рейтингте 1355-орын) 4:6, 7:5, 2:0 есебімен жеңді, қарсылас жалғастырудан бас тартты.
Жұма күні ширек финалда Попко бесінші нөмірлі жіктемедегі италиялық Стефано Д’Агостино (әлемдік рейтингте 793-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті: 6:3, 7:6 (7:4). Осылайша ол жеке сында жартылай финалға шыққан төрт теннисшінің бірі атанды. 29 тамызда сенбі күні финалға шығу үшін Попко сербиялық Кристиан Юхаспен (әлемдік рейтингте 937-орын) кездесті. Бұл қарсыластар бір апта бұрын Куршумлия-Баняда өткен осыған ұқсас турнирде кездескен еді, сонда серб кортының иесі қазақстандықты ірі есеппен – 6:2, 6:2 – ұтқан болатын.
Сол кездесу ширек финалда өткендіктен, Попко үшін сенбідегі сербпен кездесуде мотивация екі есе болды: финалға жолдама және бір апта бұрынғы жеңіліс үшін реванш. Олардың екінші жекпе-жегі 1 сағат 46 минутқа созылды, ал бірінші сетке бір сағаттан астам уақыт кетті. Бұл сетте Попко 1:5 есебінен керемет камбэк жасап, 7:5 есебімен өз пайдасына шешті. Бірінші партиядағы жіберілген жеңіс Юхасты психологиялық тұрғыдан әлсіреткен сияқты, себебі екінші сетте ол өз қызметінде бір ғана розыгрышты ала алды – 6:1 Попко пайдасына, ол жексенбіде финалда ойнайды.
Оның титулдық матчтағы қарсыласы сербиялық Бранко Дьюрич болды, ол турнирдің бірінші ракеткасы және әлемдік рейтингте 611-орында. Айта кетейік, Попконың қазіргі уақытта әртүрлі турнирлердің жеке сынында барлығы 27 титулы бар: екі рет «Челленджер» сериясының финалында жеңімпаз атанды, 25 рет World Tennis (сол кезде ITF деп аталған) финалдарында жеңді. Сондай-ақ Попко жұптық сында жеті рет жеңіске жеткен (бір «Челленджер» және алты World Tennis), сондықтан жексенбіде жеңсе, бұл титул оның мансабындағы жалпы (жеке + жұптық) 35-ші болады.
