Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Қазақстандық боксшы Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен турнирде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Сурет: turkystan.kz

    Астанада IBA Nomad лигасы аясында өткен International Boxing Day турнирінде қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар (11-3) өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу кәсіпқой бокс ережесімен екінші орта салмақ дәрежесінде өтті. Қарсылас «Принц» лақап атымен танымал.

    Бұған дейін Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 2-0 (2 нокаут) болса, Бобиржон Исроиловтың рекорды 1-0 (1 нокаут) еді.

    Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы басымдық танытып, қарсыласын бірнеше мәрте нокдаунға жіберді. Жалпы Бобиржон Исроилов төрт рет нокдаунда болды.

    Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Еркебұлан Тоқтардың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін ресми түрде тіркеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →