Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды Астанада жаңа әуежай Сингапур тәжірибесімен салынбақ Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы айтты Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды Астанада жаңа әуежай Сингапур тәжірибесімен салынбақ Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы айтты Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды

    Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды

    18 жастағы қазақстандық футболшы Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогының екінші раундында «Брэдфорд Ситиден» пенальтиде ұтылып, жарыстан шығып қалды.

    Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды

    Фото: Instagram/ @burnleyofficial

    18 жастағы қазақстандық шабуылшы Англия лига кубогының екінші раундында «Брэдфорд Ситиге» қарсы қонақтық ойынды алғашқы минуттардан бастады. Кездесу Брэдфордтағы «Вэлли Пэрейд» стадионында өтті. Сатпаев алаңда 80 минут өткізді. Кейін бас бапкер Ники Хайен қазақстандықты даниялық футболшы Якоб Бруун Ларсенге ауыстырды.

    Sports.kz-тің хабарлауынша, негізгі уақыт «Вэлли Пэрейд» стадионында голсыз аяқталды — 0:0. Финалдық ысқырықтан кейін бірден пенальти сериясы басталып, онда «Брэдфорд Сити» 4:2 есебімен жеңіске жетті.

    Бұған дейін қазақстандық ағылшын клубы сапында Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы ойында дебют жасаған еді. Ол 57-минутта ауысымға шығып, алаңда 33 минут өткізді. Сонда «Бернли» 1:3 есебімен ұтылған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →