Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Канадада ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді

    Канадада ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді. Оқиға Монреаль әуежайында болды. Тергеу басталды.

    Канадада ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді

    Сурет: stan.kz

    Канадада ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді. Бұл қайғылы оқиға Монреаль әуежайында Парижге ұшатын ұшақтың ұшуға дайындығы кезінде болды. Бұл туралы CBC басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Басылымның мәліметінше, оқиға 24 тамыз кешке Монреальдағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы халықаралық әуежайда болған. Ұшақ French Bee әуе компаниясына тиесілі екені анықталды.

    Ұшақ кері қозғалыс кезінде әуежайдың жердегі қызметкерін қағып кеткен. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралып, кадрлардан ұшақ дөңгелегінің жанында жатқан қызметкерді көруге болады.

    Оқиғадан кейін әуежайға жедел қызметтер шақырылып, зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілген. Алайда кейінірек оның көз жұмғаны белгілі болды.

    Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу Канаданың жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрлігіне (ESDC) тапсырылды.

    Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жолаушы агрессия танытқаны үшін FlyArystan рейсі екі сағатқа кешіккені туралы хабарлаған болатынбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →