Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 23 тамыз 2026 $ 459,1 536,0 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Меркіде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

    Меркіде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер: бейнематериалдағы тігістер, пәтер жалдау туралы сөйлесу. Белсенді айтылған болжамға күмән келтіреді.

    Меркіде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

    Сурет: madeniportal.kz

    Меркіде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты тың мәліметтер әлеуметтік желіде тарады. Белсенді Жан Ахмадиевтің айтуынша, марқұмның туыстары оған Мадинаны жуындыру кезінде түсірілген бейнематериалды жолдаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ахмадиевтің сөзінше, кадрларда марқұмның басының бірнеше жерінде тігіс бар екені айқын көрінеді. Бұдан бөлек, Мадинаның қайғылы оқиғадан аз уақыт бұрын пәтер іздегені туралы ақпарат тарады. Белсендінің мәлімдеуінше, марқұм баспана жалдау мәселесі бойынша пәтер иесімен сөйлескен. Әңгіме барысында ол үйдегі жиһаздың бар-жоғын сұрап, қажет болған жағдайда жиһаз қалдыру мүмкіндігін нақтылаған. Сондай-ақ пәтерді ұзақ мерзімге жалға алу мәселесін де сұраған.

    Осыған байланысты белсенді Мадинаның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы болжамға күмән келтіретінін айтты. «Мен Мадинаның өз-өзіне қол жұмсағанына күмәндана бастадым. Себебі бізге келген дауыстық хабарламада ол пәтердегі жиһаздың бар-жоғын сұрап, қажет болса жиһаз қалдыруға болатынын нақтылаған. Сонымен қатар баспананы ұзақ мерзімге жалға алу мүмкіндігін сұраған», – деді Жан Ахмадиев.

    Алайда аталған деректер Мадинаның өліміне қатысты нақты қорытынды жасауға жеткіліксіз. Қазір әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдар мен айтылған мәліметтер тергеудің ресми қорытындысы болып саналмайды. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары аяқталғаннан кейін анықталуы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →