Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады

    Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

    Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады

    Сурет: turkystan.kz

    Италияның «Кальяри» клубында ойнайтын 20 жастағы француз шабуылшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздап, ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға жексенбі, 16 тамыз күні сағат шамамен 18:00-де болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, футболшы бассейннің терең бөлігіне түсіп, суға бата бастаған. Оны уақытында судан алып шыққанымен, жағдайы ауыр болған.

    Құтқарушылар Трепиге интубация жасап, кейін тікұшақпен Италияның Сассари қаласындағы «Сантиссима Аннунциата» ауруханасына жеткізген. Қазір ол жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

    «Кальяри» футбол клубының баспасөз қызметі ойыншының ауруханаға түскенін ресми растады. Клуб мәлімдемесінде: «Яэль Трепи қазіргі уақытта Сассаридегі «Сантиссима Аннунциата» ауруханасының қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Клуб медициналық мекемемен және футболшының отбасымен тұрақты байланыста болып, оның жағдайын мұқият бақылап отыр», – делінген.

    Сондай-ақ «Кальяри» өкілдері футболшы мен оның отбасына қолдау білдіріп, олардың жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады. Клуб Трепидің денсаулығына қатысты жаңа ақпарат болған жағдайда қосымша мәлімдеме жасайтынын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →