Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Солтүстік Қазақстанда 60 шақырым жол азапқа айналды: Омбы–Көкшетау трассасына кім жауап береді?

    Солтүстік Қазақстанда 60 шақырым жол азапқа айналды: Омбы–Көкшетау трассасына кім жауап береді?

    Фото: видеодан скрин

    Омбыдан Көкшетауға қарай шыққан жүргізуші Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін шамамен 60 шақырым жолдың жағдайы нашар екенін видеоға түсіріп, бұл бағытпен әзірге жүрмеуге кеңес берді.

    Автордың айтуынша, асфальт төселмеген айналма жолмен сағатына 50–55 шақырым жылдамдықпен ғана жүруге болады, ал көлік аз болғанына қарамастан, осы учаскеде екі машина бетпе-бет соқтығысқан. Бұл — Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы республикалық маңызы бар А-13 «Көкшетау–Омбы» тасжолының жөнделіп жатқан бөлігі: 2024 жылдан бері Дәуіт–Талшық және Талшық–Кішкенекөл аралығындағы жалпы ұзындығы шамамен 57 шақырым екі учаскеге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан бұл жолға аудан немесе облыс әкімдігі тікелей жауап бермейді — республикалық трасса болғандықтан, тапсырыс беруші әрі жолға жауапты құрылым «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, ал жөндеу жұмысын мердігер ұйымдар атқарады. Ресми мәлімет бойынша, екі учаскедегі жұмыстарды 2026 жылы аяқтау көзделген, бұған дейін Дәуіт–Талшық бөлігінде жұмыс қарқынының баяу екені де айтылған. Жолдың Ресей жағындағы Омбы–Одесское–Қазақстан шекарасы бөлігінде де жөндеу жүріп жатыр, алайда видеода көтерілген негізгі мәселе — Қазақстан аумағындағы ұзақ айналма жол.

    Видео: @gulnara_profi

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →