Меркіде 8 айлық сәбидің анасы қайтыс болды
Жамбыл облысының Меркі ауданында 8 айлық сәбидің анасы қайтыс болды. Әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды.
Сурет: madeniportal.kz
Жамбыл облысының Меркі ауданында әйелдің қайтыс болуына қатысты жаңа деректер пайда болды. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның туысы адвокат Ләззат Рақышеваға жүгінген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Туысының айтуынша, әйел құрбысына хат жазып, жұбайымен болған жанжалды баяндаған. Хатта марқұм «бір Барни печеньесі үшін күйеуім ұрды» деген сөздер жазған.
Кейін әйел қайтыс болған. Алайда оның өліміне нақты не себеп болғаны және бұл жағдайға кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз. Марқұмның артында небәрі 8 айлық сәбиі қалған.
Қазір істің мән-жайын анықтау үшін заңгерлер марқұмның туыстарына құқықтық кеңес беріп жатыр.
