Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент мәдениет саласына жаңа марапаттар енгізді Ауғанстанда 4 миллион бала аштыққа ұшырауы мүмкін Алматыда Mitsubishi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережесін бұзуға қарсы рейд өткізілуде Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды Президент мәдениет саласына жаңа марапаттар енгізді Ауғанстанда 4 миллион бала аштыққа ұшырауы мүмкін Алматыда Mitsubishi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережесін бұзуға қарсы рейд өткізілуде Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды

    Президент мәдениет саласына жаңа марапаттар енгізді

    Президент мәдениет саласына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағын енгізді. Мәдениет қызметкерлерінің еңбегін бағалау жүйесі жаңарып, жалақы мен стипендиялар артты.

    Президент мәдениет саласына жаңа марапаттар енгізді

    Сурет: ernur.kz

    Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер қайраткерлерін мемлекеттік деңгейде бағалау жүйесін жаңартып, «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мәдениет саласының өкілдері атынан Мемлекет басшысына алғыс білдіремін. Бұл шешім – мәдениет пен өнердің қоғамдағы мәртебесін арттыруға, осы салаға өмірін арнаған азаматтардың еңбегін лайықты бағалауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың жалғасы.

    Қазіргі таңда елімізде мәдениет саласында 56 мыңнан астам маман еңбек етеді. Олардың қажырлы қызметінің арқасында 85 театр, 286 музей, 67 концерттік ұйым және 3054 мәдени-демалыс ұйымы жұмыс істейді. Бұл сандар ұлттық мәдениеттің дамуына қосылып жатқан зор үлесті көрсетеді.

    Мұндай еңбек мемлекет тарапынан лайықты бағалануға тиіс. Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау алғаш рет мемлекеттің негізгі қағидаттары қатарына енгізіліп, конституциялық деңгейде бекітілді. Президент атап өткендей, енді мәдениет саласын қолдау – мемлекеттің конституциялық міндеті.

    Бұл норма нақты іс-шаралармен толығып келеді. Соңғы бес жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы екі есе өсті, ал өнер қайраткерлеріне берілетін мемлекеттік стипендиялардың көлемі де екі есе артты. Жыл сайын мұндай стипендияны 75 азамат алады. Мемлекет басшысының қолдауымен мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне 260 пәтер берілді, оның 200-і Астанада, 60-ы Алматыда. Биыл Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай жүзден астам әріптесіміз мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Мемлекеттік бағалау жүйесі де жаңарып келеді. Отыз жылдан кейін «Халық әртісі» құрметті атағы қайта жаңғыртылды. Енді бұл тізім «Шәмші Қалдаяқов» медалі және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағымен толықты. Шәмші Қалдаяқов атындағы медаль ұлттық музыканы, композиторлық пен орындаушылық өнерді дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан суретшілер, графиктер, мүсіншілер және басқа да өкілдердің еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді.

    Жаңа марапаттар Президенттің мәдениет саласына ерекше назар аударып, өнер адамдарын жан-жақты қолдайтынын көрсетеді. Бұл әріптестеріміздің көп жылғы шығармашылық еңбегінің лайықты бағасы болып, мәдениет саласының жаңа буынына серпін береді деп сенемін.

    Мәдениет пен өнер адам жанын емдейді, рухани байытады, өмірді сүюге, жақсылық пен ізгілікке жетелейді. Мемлекет басшысының мәдениетті дамытуға ерекше басымдық беруі – біз үшін зор қуаныш.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →