Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді
Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге жұмсау жоспарлануда. Тапсырыс беруші — ветеринария басқармасы. Конкурс өтінімдері 17-24 тамыз аралығында қабылданады.
Сурет: egemen.kz
Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға жоспарланған шығын 845 млн теңгеден асады. Бұл қаржы мемлекеттік сатып алу порталындағы лотта көрсетілген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Тапсырыс беруші — облыстық ветеринария басқармасының мемлекеттік мекемесі. Құжаттар бойынша, нысандар модульдік ғимарат ретінде сипатталған, ал қосымша ақпаратта биотермиялық шұңқыр үлгісіндегі типтік мал қорымы екені айтылған.
Әр нысанның болжамды құны 21,12 млн теңгені құрайды. Барлығы 40 жиынтық сатып алу жоспарланған, ал жобаның жалпы сомасы 844,8 млн теңгеге жетеді.
Конкурсқа өтінімдер 17-24 тамыз аралығында қабылданады.
