Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр Алматыда екі блогер әдепсіз видео үшін қамауға алынды Бастауышта БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: министрлік бұйрық жобасын жариялады — не өзгереді? Тохтар Төлешовтің ісін қайта саралау туралы сотқа өтініш берілді Еуропадағы аномальды ыстық 2 млрд евролық шығын әкелді АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар пакетін мақұлдады Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр Алматыда екі блогер әдепсіз видео үшін қамауға алынды Бастауышта БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: министрлік бұйрық жобасын жариялады — не өзгереді? Тохтар Төлешовтің ісін қайта саралау туралы сотқа өтініш берілді Еуропадағы аномальды ыстық 2 млрд евролық шығын әкелді АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар пакетін мақұлдады

    Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр

    Қырғызстанда әлеуметтік желіде тараған челлендж: адамдар дүкендерден ішімдік сатып алып, оны төгіп тастауда. Бұл бастама қоғамда түрлі пікір тудырды.

    Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр

    Сурет: qaz.ulysmedia.kz

    Әлеуметтік желіде Қырғызстандағы дүкендерден ішімдікті сатып алып, оны төгіп тастау челленджі тарап, қоғамның пікірін екіге бөлді. Бірі бұл бастаманы қолдап, ішімдікті отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықтың себебі деп санаса, енді бірі тауардың ақшасы төленіп қойғандықтан, өндірушілер мен сатушылар пайдасын көріп отыр деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл бастама Бішкектегі кәсіпкер Керим Жунушовтың дүкені сүрілетін нысандар қатарына іліккеннен кейін басталды. Қолындағы тауарын сата алмай, шығынға батпау үшін кәсіпкер оқырмандарынан қалған өнімдерді сатып алуға көмектесуін сұраған. Жұрт дүкендегі тауарларды жаппай сатып ала бастаған: бірі балмұздақ алса, енді бірі консервілер мен печеньелерді алып кеткен. Кейін оқырмандар ішімдікті де осылай сатып алып, бірақ оны ішпей, төгіп тастауды ұсынған.

    – Маған көп адам: «Арақты неге өзің-ақ төгіп тастамайсың?» деп жазды. Мен: «Онда несиемді қалай жабамын? Бұл тауарды қарызға алған ақшаға сатып алдым ғой», – деп жауап бердім. Сонда бір адам ішімдікті төгіп тастау үшін сатып алуды ұсынды. Әрине, келістім, – дейді Жунушов.

    Осылайша қарапайым тауар сату науқаны челленджге айналған. Әлеуметтік желіде адамдардың ішімдікке ақша төлеп, оны сол жерде үлкен ыдыстарға төгіп жатқан видеолары тарай бастады. Қатысушылардың бірі 6 мың сомға (32 мың теңгеден астам) ішімдік сатып алған. Тағы бір жолы мұсылман әйел 10 мың сом (53,5 мың теңге) аударып, дүкен иесінен сол ақшаға алынған арақты төгіп тастауды сұраған. Ол мұндай қадамға баруын ішімдік отбасындағы ұрыс-керіс, жанжал мен түрлі бақытсыздықтарға себеп болады деген пікірімен түсіндірген.

    Кейбір қатысушылар аты-жөнін жарияламауды жөн көрген. Олар кәсіпкерге ақша аударып, Жунушов сол сомаға тиесілі ішімдікті өзі төгіп отырған. Кәсіпкердің айтуынша, осындай акциялардың бірінде 200 литрдей ішімдік төгілген. Оның арасында арзан арақтан бастап шампан мен қымбат вискиге дейін болған. Осыдан кейін Жунушов дүкенде қалған ішімдікті тек төгіп тастау үшін сатуға шешім қабылдаған. Сондай-ақ, ол болашақта қайта дүкен ашса, ішімдік сатудан мүлде бас тартуы мүмкін екенін айтады.

    Челленджге кәсіпкер Айбек Кадырбеков те қосылған. Ол мұндай әрекет ішімдік өндірісін тоқтату мүмкін емес екенін мойындайды. Дегенмен бұл бастаманың пайдасы бар деп есептейді. – Төгілген әр бөтелкені енді ешкім ішпейді. Демек, бір адам кейін өкініп қалатын әрекетке бармай қалуы мүмкін, – дейді ол. Кадырбеков мысал ретінде Ыстықкөл облысындағы туған ауылы Шор-Бұлақты келтірді. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын ауылда арақ сатуды тоқтатқан. Кәсіпкердің сөзінше, жақын маңдағы дүкендерде ішімдіктің сатылмауы жергілікті тұрғындардың әдетіне шынымен әсер еткен.

    Мұндай акциялар Қырғызстанда бұған дейін де өткен. 2017 жылы бірнеше ауылдың тұрғындары елді мекендерін ішімдіксіз аймаққа айналдыруға шешім қабылдаған. Жұрт ақша жинап, дүкендердегі ішімдікті сатып алған. Кейін оны далаға апарып, ауыр техникамен жойған. Осыдан кейін кейбір дүкен иелері енді арақ сатпауға уәде берген. Нарын облысындағы Эмгекчил ауылында мұндай бейресми тыйым әлі күнге дейін сақталған. Бұл туралы жергілікті белсенді Жаныбек Сопуев айтқан. Оның сөзінше, ауылда ішімдік сатуға шектеу қойылғалы мас күйдегі ұрыс-керіс пен жанжал азайған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →