Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды

    «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды
    Фото: Видеодан скрин / Stan.kz

    Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында айыпталушының тергеу кезінде берген алғашқы жауабының бейнежазбасы көрсетілді. Stan.kz хабарлауынша, бейнежазбада айыпталушы оқиға кезінде пышақты өзі қолданғанын айтып, бірнеше мәрте жарақат салған болуы мүмкін екенін жеткізген, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Тергеу барысында берген алғашқы жауабында айыпталушы бұрын Нұрайдың өзіне пышақ сұққанын көрсеткен жерге бұл жолы пышақты өзі сұққанын айтты. Оның сөзінше, алғашқы көрсетілімінде Нұрайға 7-8 рет пышақ сұққанын мойындаған. Сонымен бірге, мұндай әрекетке не себеп болғанын білмейтінін жеткізіп, пышақты не үшін сұққанын түсіндіре алмайтынын айтқан.

    «…Сосын ішіне кірдім, салонға кірдім. Салонда болды ма, білмеймін. Мұнда ешқандай алдын ала жоспар болған жоқ. Сағатқа қарасам, шамамен 08:00-ге таяп қалған екен. Кейін бәріміз бірге болып, одан соң.. Пешті қостым. Сөйтіп, 08:30 шамасында… Кейін тағы уақытқа қарадым. Ішінде болды ма, әлде Майқұдықтан келе жатқанда ма… Осылай сөйлесіп отырдық. Нұраймен сол бөлмеде, төсектің жанында бұрын сөйлескен әңгімелерімізді қайта қозғадық. Кейін өзі келген сияқты болды. Сағатқа қарасам, тағы да 08:00-ге таяу екен. Мен Нұрайдың сөздерін тыңдап тұрдым. Өзі де сұрады. Бұрын сөйлескен сөздерді тағы айтып отырдық. Нұрай өзі төртінші қабатқа келген еді. Мен де Нұраймен сөйлесу үшін барған шығармын. Бірақ біз бұған дейін де сөйлескенбіз. Кейін, келесі аптада келген кезде де тағы сөйлескенбіз.

    Айыпталушының айтуынша, Нұраймен жұмысқа қатысты әңгіме болған. Бір кезде «Президенттік палатаға барып сөйлесейік» деген ұсыныс айтылған. Алайда Нұрай «Оған барып сөйлесудің не қажеті бар? Бәрібір бара алмаймыз» деп жауап берген. Кейін, оның сөзінше, Нұрай үйінен шыққаннан кейін екеуі Төлебаев көшесінің бойында кездескен. Айыпталушы сол кезде Нұрайдың телефон нөмірін сұрамақ болғанын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →