Аягөз полиция ғимараты апатты жағдайда: тұрғындар тексеріс талап етуде
Аягөз аудандық полиция бөлімінің ғимараты апатты жағдайда екені анықталды. Шатырдан су өтіп, мүгедектерге арналған кіреберіс жарамсыз, ал дәретханадағы тұтқаларға лас сүрткіштер ілініп қойған. Тұрғындар шұғыл тексеріс талап етуде.
Видеодан кадр
Аягөз аудандық полиция бөлімінің ғимараты қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жергілікті тұрғындар шатырдан су өтіп, қабырғалардың сөгіліп жатқанын, тіпті мүгедектерге арналған кіреберістің де жарамсыз екенін айтып дабыл қағуда. Бұл мәселеге қатысты Абай облыстық полиция департаменті тексеріс бастауы тиіс деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Өскеменде Аягөз аудандық полиция бөлімінің тозығы жеткен ғимараты жайлы жұртшылық алаңдаушылық білдіруде. Шағымданушылардың айтуынша, нысанның шатырынан су өтеді, қабырғалары бірте-бірте сөгіледі, ал техникалық жағдайы мүлдем талапқа сай келмейді.
Ең сорақысы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кіреберісте пандус пен шақыру батырмасы жоқ, ал есігі кірпішпен тіреп қойылған. Тұрғындар арнайы дәретхананың да қолдануға жарамсыз екенін, тіпті мүгедектерге арналған тұтқаларға лас еден сүрткіштердің ілініп тұрғанын айтып налыды.
Жұртшылық мемлекеттік мекемені осындай мүшкіл халге жеткізген жергілікті әкімдік пен құзырлы органдардың жауапсыздығын қатаң сынға алуда. Осыған байланысты Абай облыстық Полиция департаменті аталған жайттар бойынша ресми тексеріс жүргізіп, объективті баға беруі тиіс.
